Қостанай облысында қызмет бабында полиция қызметкері қайтыс болды

10:07, 20 қаңтар 2020

Полиция қызметкері пышақ ұстап, ойран салған ер адамнан бүтін бір жанұяны құтқарамын деп мерт болды, деп хабарлайды zakon.kz Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 қаңтарда Тобыл қаласындағы 102 қашықтан басқару пультіне Комсомольская көшесінің бойындағы үйде отбасылық жанжал болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Патрульдік полицияның бригадасы 6 минут ішінде оқиға орнына шұғыл жетті.

- Полиция сержанттары Дархан Базарбаев пен Амангелді Сыздықов арызданушыдан бұрын сотты болған әрі удай мас 28 жастағы Тобыл тұрғыны бүкіл отбасын қырамын деп мінез көрсетіп жатқанын білді. Туыстары оның шындап жүргенін байқап, үйге пышақ алуға кіргенде сыртынан бекітіп тастаған. Сөйтіп полицияға қоңырау шалған, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Мас еркекті ұстау кезінде полиция қызметкері пышақ жарақатын алған. Жараланғанына қарамастан полиция қызметкері күдіктінің қолынан пышағын алып, оны айналаға қауіп төндірмейтіндей етті.

Кейін полиция қызметкері өзінің жараланғанын сезген. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдемдегілер Дархан Базарбаевтың өлімін тіркеді.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі "Қызмет бабындағы адамды өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қостанай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қызметін атқару кезінде мерт болған Қостанай полиция департаментінің патрульдік полиция бөлімінің сержанты Дархан Базарбаевтың қайтыс болуына байланысты қайғырып, оның туған-туыстарына көңіл айтады.

"Дархан 2019 жылы наурыз айында ғана Мөлдір деген қызбен бас қосып, отау көтерген. Оның артына Айсұлтан есімді төрт айлық баласы қалды. Ол әке болғанына сондай қатты қуанып еді", - дейді қайғы жұтқан әріптестері.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!