Қостанай облысында ерлі-зайыпты зейнеткерлер өлі табылды

17:27, 4 наурыз 2021

© Сурет: grozny-inform.ru

Қостанай облысының полициясы екі зейнеткерді өлтіру фактісі бойынша тергеуді қолға алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Alau.kz сайтының хабарлауынша, 1 наурызда сағат 11: 00-де Алтынсара ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне осы ауданға қарасты Щербаков ауылында жеке үйден зорлық-зомбылық белгілері бар 84 жастағы ер адам мен 75 жастағы әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 31 және 32 жастағы күдіктілер анықталып, ұсталды.

Шабуыл жасаушылардың бірі құрбандарды жақсы білетіндігі анықталды, өйткені ол бұрын осы ауылда тұрған. Күдіктілер облыс орталығынан ауылға зейнеткерлерді тонау мақсатында келген. Ақша талап ету барасында ер адамдар зейнеткерлерге пышақ жарақатын салған, делінген хабарламада.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!