Қостанай облысында ауыл жастарының форумы өтті

11:14, 23 қазан 2017
623

Ауыл жастары рухани жаңғыру бағытындағы шараларға атсалысады.

Бұл туралы Қостанай облысының Сарыкөл кентінде «Жастар.Ауыл.Жаңғыру» деген атпен өткен ауыл жастарының форумында айтылды.

Тіл маманы Нұрмұхамед Серікбаев ауылдастарына латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндіруді басты мақсатым деп санайды. Ол – жоғары білімді филолог. Магистр дәрежесі де бар. Сарыкөл ауданында жұмыс істеуге ұсыныс түскенде бірден келісіпті. Форумда өз қызметін адал абыроймен атқарып жүрген жас буын өкілдерінің бірқатары арнайы сыйлықтармен марапатталды. 

Нұрмұхамед Серікбаев, Сарыкөл аудандық тілдерді оқыту орталығының басшысы:

– Біз ағылшын тілін де оқытамыз. Латын әрпіне көшкен жағдайда ағылшын тілін тез үйренетін ауыл жастары көбейеді. Және мемлекеттік қызметшілер де тез үйренуге бейімделеді деп отырмыз. Сондықтан біздің орталықта мемлекеттік тілді де, ағылшын тілін де қатар алып, меңгертіп отырмыз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!