Қостанай облысында анасы қызын өлтіріп, далаға тастап кеткен

11:51, 5 наурыз 2021
554

© Сурет: inform.kz

11 жылдан кейін Қостанай облысында баланы өлтіру бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Alau.kz атап өткендей, облыстық полиция департаменттерінің біріне аймақта 10 жылдан астам уақыт бұрын жас баланың өлтірілгендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Бала азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркелген. Құжаттарда қыздың анасы тұрған ауыл көрсетілген. Алайда әйел де, оның қызы да онда ұзақ жылдар бойы тұрмағаны анықталды, - дейді Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бөлім бастығы Артем Ткаченко.

Нәтижесінде полицейлер баланың анасын тапты, ол 2008 жылы болған жағдайды айтып берген.

"Жанжал кезінде ол үйден кетіп қалған. Оны үйден қуып шыққан. Осы себепті жағдайы қиындаған, ол баланы жыраққа апарып, айдалада өлтіріп, тастап кеткен", - деді Ткаченко.

Әйел полицейлерге баланы тұншықтырып өлтіргенін, қыздың денесін ауыл шетіне қалдырып, өзі басқа ауданға көшіп кетіп, мұнда 11 жыл тұрғанын айтты.

Баланың сүйегі табылмады. Әйел көрсеткен жер адам танымастай өзгерген. Бұрын иесіз далаға қазір жол салынған.

"Теориялық тұрғыдан, әрине, өзіне жалған кінә тағуы мүмкін. Яғни, дәлел болуға тиіс. Бала дүниеге келген, қазір жоқ, дәлел әзірге осы. Ол тірі болуы да мүмкін", - деп түсіндірді бөлім бастығы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!