Қостанай әкімі де коронавируспен ауырып қалды

12:34, 9 шілде 2020
374

Қостанай әкімі Қайрат Ахметов коронавирус жұқтырып, ауырып қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол бұл туралы instagram-да жазыпты.

Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын қатаң сақтауға қарамастан, өкінішке қарай, Менің Covid-19 сынағы оң нәтиже көрсетті. Осы себеппен Мен оқшаулануға кетемін және де жұмысымды қашықтықтан жалғастырамын. Осыған орай, қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау. Мұндай қиын жағдайда өз денсаулығын қорғауға саналы түрде қарау керек. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар, - деп жазды ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!