Көші-қон бастығы кәсіпкердің 15 өзбегін тіркеу үшін 75 мың пара алды

10:43, 20 қараша 2019
256

Шиелі аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы ҰҚКД-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің бастығы, полиция майорын әшкереледі.

Ол Өзбекстан Республикасының 15 азаматына көші-қон карточкасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктеніп отыр.

Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!