Көшербаев: Міндетіміз – жылды оң нәтижемен қорытындылау

14:17, 14 қараша 2018
530

Өнеркәсіптің өндіріс көлемінің төмендеуіне қарамастан, жүйелі қабылданған шаралардың нәтижесінде 2017 жылдың қорытындысымен Қызылорда облысы жалпы өңірлік өнім бойынша оң векторға шықты, деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша Zakon.kz тілшісі.

"Бұл межені мұнайдың жыл сайынғы және бүгінгі таңда уран өндіру көлемінің де төмендеуіне қарамастан биыл да сақтаймыз деп отырмыз",- деді аймақ басшысы облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясында.

Атап өтілгендей, бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Мәселен, соңғы 3 жылда өңдеуші өнеркәсіпте негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 есеге жуық, жұмыспен қамтылғандар саны 55%, еңбек өнімділігі 18% өскен.

Осы жылдың аяғына дейін тампонажды цемент зауыты, балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехы, ал 2019 жылы шыны зауыты мен жылына 1,5 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы іске қосылады.

"Баласауысқандық" кен орнында ванадийдің бес тотығы өндірісі қуаттылығын арттыру, тұзды қайта өңдеу және кальцийленген сода зауытының құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Аймақтың ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі жыл қорытындысымен 2017 жылға қарағанда өсім 4,5% құрайды деп күтілуде. Ал атқарылған құрылыс жұмыстардың көлемі 2,2%, пайдалануға берілген тұрғынүйлер көлемі 667,4 мың шаршы метрді құрап, 9% өсуі ықтимал.

Әлеуметтік сала бойынша 2018 жылы 10070 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, бүгінде 10 айдың өзінде 10605 жұмыс орны құрылып, жоспар 5,3% артығымен орындалды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!