Көшеде әбден ойқастап, елдің есін шығарған елордалық мас жүргізуші ұсталды

20:10, 6 желтоқсан 2021

© Сурет: Zakon.kz

Мамандандырылған соттың қаулысымен тәртіп бұзушы 15 тәулікке қамалды.

Нұр-Сұлтан қаласында түнгі уақытта Toyota автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзып, басқа адамдардың өміріне қауіп төндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мас адам бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, өзгелердің өміріне қауіп төндіре отырып, жоғары жылдамдықпен жүйіткіген. Оның бұл әрекеті басқа жүргізушілердің қозғалыс жылдамдығы мен бағытын өзгертуге мәжбүр етіп қана қоймай, бір жаяу жүргіншіні қағып кете жаздап, өміріне қауіп төндірген. Полиция қызметкерлері автокөлікті көлегейлеп тоқтатып, жүргізуші ұсталды.Нұрсұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Мас жүргізушіге қатысты алты әкімшілік хаттама толтырылды.

Мамандандырылған соттың қаулысымен тәртіп бұзушы 15 тәулікке қамалды, одан бөлек жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды, ал көлігі коммунальдық тұраққа қойылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!