«Кош келдиниз!». Димашты қарсы алған АҚШ әуежайындағы жұрт осылай деп шулады
Димаш Құдайберген Нью-Йоркте 10 желтоқсанда концерт беру үшін бүгін АҚШ-қа барды. Оны Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайдан жанкүйерлері Қазақстанның жалауымен қарсы алды, деп хабарлайды zakon.kz.
Димашты Нью-Йорк әуежайынан қарсы алу кезінде түсірілген видеолар Интернетте пайда бола бастады. Көбісін осы оқиғаға куә адамдар салған. Ал мына видеоны түсірген адам Димашты мүлде білмейді. Өзі солай деп айтады.
Видеода Димашты қарсы алған жанкүйерлер "Кош келдиниз!" Димаш-Димаш" деп тоқтамай айғайлайды.
- Сұмдық қой, мына адамдар сонда бұл жігіттің фанаттары ма? Жас жігіт шықты, бұл қарсы алып тұрғандар оның желісіне жазушылар ғой сонда. Бұл - мен куә болған, қатты кұрмет көрсетілген Ресейдің екінші жұлдызы. Юлияға мысықтарымызбен келген едік, ал мына арада жас жігіт дүркіретіп жатыр. Өз басым, оның әндерін тыңдап көрмеппін, көру керек екен, - дейді видеоны түсіріп тұрған орыс келіншек.
Айта кетсек, алдында Димаштың Нью-Йоркте 10 желтоқсанда өтетін жеке концертіне әлемнің 51 елінен жанкүйерлері барады деп хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:55, 28 наурыз 2024
ҚМА Қайрат Боранбаевтың активтері туралы мәлімдеме жасады
-
16:42, 28 наурыз 2024
Алматылықтарды жаңбырлы демалыс күтіп тұр
-
16:30, 28 наурыз 2024
28 наурыздағы түскі саудада доллар тағы арзандады
-
16:17, 28 наурыз 2024
Соңғы екі айда қазақстандықтар алаяқтарға төрт миллиард теңге берген
-
16:01, 28 наурыз 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда тағы кіммен кездесті