Қос министр Түркістанға арнайы барып, жараланғандардың жағдайын білді

17:28, 12 қыркүйек 2019
418

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысына барып, жарылыстан зардап шеккен науқастармен жүздесіп, халін сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар-24" телеарнасына сілтеме жасап.

"Министрлер алдымен өрт сөндірушілер ем қабылдап жатқан қалалық орталық ауруханаға бас сұқты. Қазір онда 10 қыркүйектегі жарылыстан күйіп қалған 5 өрт сөндіруші жатыр. Аурухана бас дәрігері Жанболат Ділдәбековтың айтуынша, терісін күйік шалған үш науқас травматология бөліміне түскен. Бір пациент жансақтау бөлімінде. Қазір науқастардың жағдайы жақсы. Денсаулық сақтау министрі қажет болса, азаматтарға республикалық клиникалардан көмек көрсетілетінін жеткізді", - дейді телеарна тілшісі.

Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Түркістан қаласында газ баллоны тиелген көлік жарылып, салдарынан 11 адам жараланған болатын. Алты науқас амбулаторлық ем алса, 5-еуі ауруханаға жатқызылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!