Қорықшыны өлтірген броконьерлердің соты басталды

09:35, 19 тамыз 2019
292

Қарағандыда киік атып, онымен қоймай инспекторларды соққыға жығып, біреуін мерт қылған 7 браконьерге қатысты сот басталады, деп хабарлайды Хабар-24.

Оның үшеуі кісі өлтіргені үшін, ал 4-уі заңсыз аң аулағаны үшін айыпталып отыр.

Еске сала кетсек, қаңтардың 13-і күні браконьерлердің қолынан Ерлан Нұрғалиев мерт болған еді. Кейін қылмыскерлер ұсталып, олардың көлігінен Қызыл кітапқа енген 17 ақбөкен мен қару-жарақ табылған.

- Мамандандырылған ауданаралық сотқа браконьерлерге қатысты қылмыстық іс түсті. 40 томнан тұрады. Сот мемлекеттік тілде өтеді, жуырда күнін белгілейміз, - деді облыстық соттың бөлім басшысы Гүлбаршын Жітікова.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!