Көршісінің қақпасына қол салған ауылдасы ұсталды

12:08, 13 қыркүйек 2018
386

Алматы облысында ауыл тұрғыны ауласының әдемі болғанын қалағандықтан, ауылдасының қақпасын ұрлап кеткен. Сондай-ақ, қақпаның иесі сол ауыл басшыларының бірі екені де және өзімен бір көшеде тұратыны да оны тоқтатпаған, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кербұлақ ауданының полициясына ауылдардың бірінде темір қақпаның жоғалғаны туралы хабар түсті. Аталған ауылдың учаскелік полиция инспекторы жүргізген іс-шаралар барысында күдікті ретінде 38 жастағы сол ауылдың тұрғыны анықталды. Айғақзат тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды», - деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «ерекше» қылмыс жасаған ауыл тұрғынына қатысты еліміздің қылмыстық заңнамасына сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті мекенжайын ауыстырумау туралы міндеттемеге сәйкес босатылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!