Коронавирустың екінші толқыны орын алса, Үкімет баға саясатына араласа ма - министр жауабы

14:46, 26 қазан 2020

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов коронавирустың бірінші толқыны - көктемде болған сияқты кейбір азық-түлік тауарлары бағасына реттеу тетігі қолданыла ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Егер ажиотаж орын алып, баға шарықтай бастаса, әрине біз бұл құралды қолдануға мәжбүрміз, бірақ бұл шара қажет болмайды деп үміттенеміз, өйткені өткендегідей дүрбелеңнің орын алуына негіз жоқ, тиісті азық-түлік резервтері бойынша жұмыстар жүргізілді, - деді Сұлтанов.

Сонымен бірге, ол бірқатар өнімдердің шекті бағасы Қазақстандағы коронавирустың алғашқы толқыны кезінде қолданылғанын еске түсірді. Ол кезде ел дүкенге лап қойып, дүрбелең орын алған

- Шынында да, бүкіл әлемдік саудаға оның әсері бар, өзгерістер болды, сұраныс пен ұсыныс өзгерді, шекараның жабылуы және басқа да карантиндік шаралар оған белгілі бір деңгейде ықпал етті... Биыл бірінші рет коронавирус бой көрсеткенде бағаға қатысты дүрбелеңді байқадық және бағаның негізгі өсімі сол уақытқа тап келді, сондықтан біз нарықтық емес бағаны шектеу механизмін енгізуге мәжбүр болдық. Осы уақыт аралығында мемлекеттік органдармен, бизнеспен көптеген жұмыстар жүргізілді, өңірлерде азық-түлік қорларын құру үшін арнайы қорлар, ресурстар желілерге теңдей бөлінді, осының бәрі бағаны ұстап тұруы үшін керек. Жазда біз кейбір азық-түлік тауарларының бағасының төмендеуін байқадық, - деп қорытындылады өз сөзін министр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!