Коронавирустан көз жұмған ер адамның бірі Теңіз кенішінде жұмыс істеген

10:43, 1 маусым 2020
164

Батыс Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған 53 жастағы ер адам Теңіз кен орнында жұмыс істеген, деп хабарлайды zakon.kz.

Уральская Неделя басылымының хабарлауынша, ер адам Оралға 3 мамырда автобуспен келген, блок-бекеттен оны COVID-19 диагнозына қатысты тексеру үшін карантиндік ауруханаға жатқызғанын жазады. Талдау нәтижесі теріс болған, сондықтан оны уақытша ауруханаға ауыстырды. 9 мамырда тест тағы да теріс нәтиже көрсетті, сол себепті ер адам үйіне жіберіліп, ешқайда шықпау туралы нұсқаулық алады.

10 мамырдан бастап онда ауру белгілері нақты біліне бастайды (тамақтың қышуы, әлсіздік, тәбеттің жоғалуы), бірақ келесі 9 күн ішінде ол медициналық көмекке жүгінбеді, күнделікті қоңырау шалу кезінде денсаулығына шағымданбаған.

19 мамырда ер адамның жағдайы күрт нашарлады, ол жедел жәрдем көлігін шақырды. Уақытша стационарда алынған анализ нәтижесі коронавирустың барын көрсетті. Науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, халі ауыр болғандықтан ол бірден жан сақтау бөліміне жатқызылды.

"Науқас жан сақтау бөлімінде біртіндеп нашарлай берді. Қарқынды терапия жүргізілгеніне қарамастан, 30 мамырда науқастың жүрегі мен демі тоқтады. Жүргізілген реанимациялық шаралар нәтиже бермеді, 30 мамырда өлім фактісі тіркелді. Науқаста басқа жанама аурулары болған жоқ, - делінген хабарламада.

Өлім тіркелген кездегі науқаста қойылған диагноз - ауыр короновирус инфекция, екі жақты пневмония және 3 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір