Коронавируспен ауырған жамбылдық әйел: Мен де сенбеген едім...

09:27, 29 мамыр 2020

Өткен аптада Жамбыл облысында КВИ жұқтырудың 100-ден астам жағдайы анықталды. 28 мамырдағы жағдай бойынша облыста коронавирус бойынша 362 науқас тіркелген, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл арадағы 180 науқас емделіп, ауруханадан жазылып шықты, бірақ 181-і әлі жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Солардың бірі - Тұрғынбаева Сейсегүл Мұратқызы.

"8 мамырда менің дене қызуым 39 градусқа дейін көтеріліп, өзімді әлсіз сезініп, дел-сал күйге түстім. Осыдан кейін жедел жәрдем дәрігерлері мені жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, содан бері мен осында емделіп жатырмын. Шынымды айтсам, коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсемін деп ешқашан ойламаған едім, ондайды күтпедім. Соңғы сәтке дейін мен бұл ауру барына сенбедім. Мен облысымыздың барлық тұрғындарына үндеу жасай отырып, осы аурудың алдын алудың барлық ережелерін сақтауға, көшеде маска киіп жүруге және карантин режимін сақтауға шақырамын. Өз басымнан көрдім ғой. Бұл - өте қиын ауру. Мен 7 күн жан сақтау бөлімінде жаттым. Аурухананың барлық ұжымы мен еліміздің барлық дәрігерлеріне, осы айтпай келген ауруды жеңуге көмектескен барлық адамдарға шын жүректен ризашылығымды білдіремін", - дейді әйел видеода.

Каратиндік шаралардың жұмсартылуына байланысты көшеге көптеп шыққандар адамдар дәрігерлер мен жауапты мамандардың барлық ескертулерін, карантиндік сақтық шараларын елемей келеді. Көшеде бетперде киген адам сирек. Көбісі бұл инфекцияның барына сенбейді. Салдарынан елімізде аурулар саны қайта артып, кейбір аймақтарда карантин мерзімін ұзартуға тура келіп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!