Коронавирус жұқтырып алған жағдайда медициналық қызметкерге 2 млн теңге беріледі

17:54, 30 наурыз 2020
619

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстеме ақы белгілеу туралы шешімді бекітті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оған сәйкес коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық персоналдар үш топқа бөлініп, олар үш ай бойына жоғары жалақымен қамсыздандырылатын болды. Одан бөлек бұл құжатта медициналық қызметкерлердің бас тіккен қауіп-қатерінің қаржылық жағдайы да қамтылды.

"Медициналық қызметкер коронавирустық инфекциямен ауырған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем көлемі 2 млн теңгені, ал көз жұмған жағдайда 10 млн теңгені құрайды", делінген құжатта.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!