Коронавирус жұқтырған 373 науқастың жағдайы ауыр

10:01, 3 желтоқсан 2021

© Сурет: pixabay

Ал 55 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар туралы 3 желтоқсан күнгі деректі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 884 адам коронавирус инфекциясынан (–21 469+ және 3 415 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 199 науқас стационарда, 19 685 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

373 адамның жағдайы ауыр,

93 пациенттің жағдайы өте ауыр,

55 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

коронавирус

Сурет: ДСМ

2021 жылғы 3 желтоқсандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 8 759 935 адам вакцина салдырды, II компонентпен 8 141 461 адам.

Вакцина

Сурет: ДСМ

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!