Коронавирус науқастардың 11-інің жағдайы ауыр - министр

17:14, 3 сәуір 2020

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавируспен ауыратын науқастардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, карантиндік шаралардың күшеюі арқасында елімізде науқастардың жалпы өсімі 9-12% құрады, ал бұрын бұл көрсеткіш 30-50% болған.

Жалпы науқастардың 29-ы емделіп шықты, үшеуі қайтыс болды. Қазіргі уақытта емделіп жатқан науқастардың 11-інің жағдайы ауыр, біреуі - өте ауыр. Дерті орташа ауырлықта жүріп жатқан 68 науқас бар, 341 науқаста, тіпті ауру белгілері байқалмайды да, - деді Денсаулық сақтау министрі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!