Қорғаныс министрлігі департаментінің бөлім басшысы аяаяқтық күдігімен қолға түсті

16:25, 21 мамыр 2020

Алматыдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық училищесінің Алматы филиалы директорының орынбасары мен қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Олар осы мектепте әскери қызметтен өтпеу мәселесін шешуді желеу етіп, алаяқтық жолмен адамдардан 150 000 теңге көлемінде ақшаны алдап алып келген деген күдікке ілініп отыр.

Сонымен қатар, директордың орынбасары да тура осындай жолмен 150 000 теңге көлемінде алаяқтық фактісіне жол берген деген қосымша күдікке алынды. Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады, тергеу жалғасуда, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!