Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыс бойынша ресми мәлімдеме жасады

12:09, 24 маусым 2019

Қорғаныс министрлігі Түркістан облысында орын алған жарылыстар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- 24 маусымда ҚР Қарулы күштерінің Түркістан облысындағы Арыс елді мекені жанындағы қоймасында өрт шығып, одан оқ-дәрілер жарылды. Қазірге дейін қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы еш дерек келіп түскен жоқ. Өрт себебі анықталуда, - делінеді ҚР ҚМ ресми хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі арнайы құрылған комиссиясын оқиға орнына жөнелтті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!