Қорғалжын ауданының бұрынғы прокуроры 4 жылға сотталды

11:08, 10 желтоқсан 2019
284

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін Ақмола облысы Қорғалжын ауданының прокуроры Омар Д.О.-ға қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізген, деп хабарлайды zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне сілтеме жасап.

Бұл факті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеулер департаментімен бірлесіп анықтады.

Омар Қорғалжын қорығының басшысы А.А.Сексенбиевтен 23 миллион теңге мөлшерінде ақша резервінің кассасында заңсыз болу фактісін қорытындысында көрсетпегені үшін 5 миллион теңге мөлшерінде пара алуға тырысты деп күдіктелуде.

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Омар 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Аталған адам мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және әділет кеңесшісі арнаулы атағынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!