Кореяда дрон ұшатын сауда арбасына айналды
© Сурет: pxhere
Технологиялық прогресс айтарлықтай жылдамдықпен алға жылжуда. Бұған мысал ретінде жүктерді тасымалдауға арналған palletrone дронын келтіруге болады. Оның негізін Сеул ұлттық университетінің инженерлер тобы қалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зерттеушілер инновациялық арбаны бірінші кезекте логистика саласында, мысалы, қоймаларда немесе азық-түлік дүкендерінде қолдануға болады деп есептейді. Әсіресе, palletrone тауарларды баспалдақпен жылжытқанда пайдалы.
New Atlas басылымының ақпаратына сүйенсек, құрылғы 3 кг-ға дейінгі жүкті тасымалдай алады.
Сынақ барысында дрон салмағы 2,93 кг жүкті сәтті жеткізді.
Алайда, құрылғының қуат көзі өшсе, ол пайдасыз болып қалады. Бірақ болашақта, инженерлердің айтуынша, ұшу кезінде дронды зарядтаудың жолын ойлап табуға болады.
Бұған дейін Қостанайлық полицейлердің ЖҚЕ бұзушыларды дрон арқылы анықтап жатқаны хабарланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:36, 26 қыркүйек 2024
Астанада тегін донерге 4 мың адам жиналған
-
22:57, 26 қыркүйек 2024
Қазақстанда бір кеште екінші көлік өртеніп кетті
-
22:17, 26 қыркүйек 2024
«Барыс» өз алаңында «Сочиден» басым түсті
-
22:12, 26 қыркүйек 2024
Футзалдан Қазақстан командасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты
-
21:18, 26 қыркүйек 2024
Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады