Қордайда қарақшылар соққыға жыққан зейнеткер қайтыс болды

14:51, 7 тамыз 2018
462

Жамбыл облысының Қордай ауылында тонаушылардың қолынан соққыға жығылған 68 жастағы зейнеткер қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қордай аудандық ауруханасына 20 шілде күні тонаушылар ұрып-соққан ер адам келіп түседі. Сол күні сағат 22.00 шамасында ағаш сойылмен қаруланған екі қарақшы зейнеткердің үйіне кірген. Оны соққыға жығып 100 мың теңгесі мен 500 еуросын алып кеткен.

Ауруханадағы өкілдер ер адамның келгенін, содан кейін туыстарының талабымен Бішкекке ауыстырылғанын атап өтті. Зейнеткер сол жерде қайтыс болған.

Еске сала кетсек, Жамбыл облыстық ІІБ 20-29 шілде аралығында Қордай ауылында тұрғындардың үйлеріне қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлады.

Тонау 20, 21, 29 шілдеде болды. Қарақшылық әрекеттің құрбандары негізінен егде тартқан адамдар.

«Қарақшылық шабуылдар фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі басталды», - деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІБ баспасөз қызметі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!