«Қордай» шекаралық бақылау аймағында жағдай қалыпты

09:53, 23 қазан 2017

Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» шекаралық бақылау аймағында жағдай қалыпты.

Барыс-келісте көлік кептелісі жоқ. Ішінара тәртіп бұзушылық та жоқ емес. Шекарашылардың айтуынша, бекетті өту ережесін ескермегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жалпы бақылау бөлімшесінде құжат тексеруші 15 кабинет үзіліссіз жұмыс істеп тұр. Жеке тұлғалар мен көліктер заңға сәйкес тексеріліп жатыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!