Қордай оқиғасы: ақсақалды ұрып-соққан күдікті ұсталды

18:16, 21 ақпан 2020

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ақсақалды ұрып-соққандар ұсталғанын, екі-үш аптадан соң олардың соты болатынын айтты, деп хбарлайды zakon.kz.

Министрдің айтуынша, қазір Қордайда жағдай тұрақты, күндіз-түні ұлттық ұлан сарбаздары тәртіпті қадағалауда.

Бүгінгі таңда ешқандай қылмыс тіркелген жоқ. Полиция қызметкеріне қол көтерген үшеу табылып, қамауға алынғанын да айта кетейін. Ақсақалды да ұрып-соққан күдікті ұсталды, оны екінші күні тауып, ұстады, медициналық сараптама қорытындысы шыққан соң, яғни екі-ұш аптадан соң бұлардың барлығының ісі сотқа жіберіледі, - деді ол.

Алдында ақсақал Төлеген Құдашбаев Алматыдағы ауруханаға жеткізілгені хабарланған, ол арада жағдайының жақсаруына байланысты 18 ақпанда босап шықты.

Қазір ол үйінде, жергілікті дәрігердің бақылауына алынған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!