«Қордай» бекетінен тәулігіне 9 мыңға жуық адам өтеді

18:28, 20 қазан 2017

Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлерінің кездесуінен кейін 19 қазан түнгі сағат 00:00-ден бастап, екі елдің мемлекеттік шекарасын, әсіресе, Қордай бекетінде кесіп өтудің басым тәртібін қамтамасыз ету жөнінде тиісті шешім қабылданған еді. Қазір шекарадағы ахуал қандай?

Ұлан Нарынбек, тілші:

-Екі елдің үкімет жетекшілерінің келісіміне сәйкес, шекараны кесіп өтудің басым тәртібіне қол жүктерімен өтетін жеке тұлғалар, жолаушылар тасымалдайтын аввтобустар, жеңіл және бос жүк көліктері ие.

Қазақстан шекара қызметінің соңғы мәліметіне жүгінсек 19 қазан түнгі сағат 00:00-ден бастап, 20 қазан түнгі сағат 00:00-ге дейін яғни бір тәулік ішінде Қордай учаскесі арқылы 16 мыңнан астам адам мен 2 мыңнан астам көлік өткен. Екі ел арасындағы ең ірі бекеттің бірі ол Қордай пункті. Бұл жердегі жағдай қалай?  

Ерболат Тоқтасынұлы, Қордай шекаралық бақылау бөлімі бастығының орынбасары:

-Қазіргі таңда Қордай шекаралық бақылау өткізу бекетіндегі жағдай қалыпты тұрғыда. Ешқандай да бір кептелістер мен кезектер жоқ. Мемлекеттік шекарадан өтуші тұлғалар, көлік құралдары мен жүктері заңға сәйкес тексеріліп өткізілуде. Қазіргі уақытта шекарадан тәулігіне 9 мыңға жуық тұлға және мыңнан астам көлік құралдары тексеріліп өткізілуде. 

Жоспарлы шекаралық операция әскери бөлім аумағында әлі де жалғасуда. Осы уақытқа дейін жүздеген заң бұзушылық тіркелді. Іс-шараның мақсаты заңсыз есірткі тасымалы, экономикалық контрабанда және басқа да қылмыстардың жолын кесу болып табылады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!