«Қордай» бекетінде жоспарлы шекаралық операция жалғасып жатыр

13:26, 19 қазан 2017
637

«Қордай» шекара бекетінде жоспарлы шекаралық операция жалғасып жатыр. Жалпы қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал қандай?

Ұлан Нарынбек, тілші:

-Мемлекеттік шекараның барлық периметрі бойынша жүргізіліп жатқан жоспарлы шекаралық операция әлі жалғасып жатыр. Қазақстн-Қырғызстан шекарасындағы адамдар мен көлік құралдары көп өтетін бекеттің бірі ол Қордай бөлімі. Көрші қырғыз елімен шекаралас жақан ауданда бұдан өзге 3 шекаралық бақылау бөлімі бар. Барлық төрт бекет те қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Қазір «Қордай» шекара бақылау бөлімінде адамдардың кезегі көп емес, бәрі қалыпты жағдайда өтіп жатыр.  

Бірақ заңның аты заң. Барлық құжат талапқа сай тексеріліп жатыр. Оның мақсаты - заңбұзушылықтың алдын алу. Тұлғалар, көлік құралдары мен жүктер мұқият тексерілуде. Мысалы, кеше ғана Қарасу бекеті арқылы есірткі заттарын алып өтпекші болған үш адам ұсталды.

Шекарашылардың айтуынша, олардың екеуі Қырғызстанның, ал біреуі Канаданың азаматы. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Есірткінің қандай түрі және салмағы неше грамм екені арнайы сараптамадан кейін белгілі болады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!