Конституциялық кеңес Маңғыстау сотының ұсынған ісін өндіріске алды
2020 жылы 27 мамырда Конституциялық Кеңес Маңғыстау облыстық соты ұсынған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 725-1-бабы, 1-тармағының 5) тармақшасын, 718-бабы 5-тармағын, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 197 қаулысымен бекітілген қарыз келісімшарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу ережесінің 7-тармағын Конституцияға қайшы деп тану туралы ұсынысы өндіріске алынды, деп хабарлайды zakon.kz.
Сот ұсынған құжатта несие беру, пайыздарды есептеу және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін құқықтық реттеумен байланысты мәселелер көтеріледі.
"ҚР Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес, Кеңестің отырысында қарау үшін бұл материалдарды дайындау жұмыстары басталды, онда ол жан-жақты қаралып, оған баға беріледі", делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:42, 25 сәуір 2024
Анна Данилина Португалиядағы турнирді сәтті бастады
-
21:08, 25 сәуір 2024
Атырау облысында өрт кезінде балалар қаза тапты: полиция оқиғаның егжей-тегжейін айтты
-
20:35, 25 сәуір 2024
Павлодарға қарасты ауылда тоқ соққан жасөспірім қайтыс болды
-
20:12, 25 сәуір 2024
Үсік, бұршақ, дауыл: Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:50, 25 сәуір 2024
Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар жолдар ашылды