Конституциялық Кеңес Маңғыстау облыстық сотының ұсынысын іс жүргізуге қабылдады

13:35, 28 мамыр 2020
469

Конституциялық Кеңес 2020 жылғы 27 мамырда Маңғыстау облыстық сотының Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 725-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын, 718-бабы 5-тармағын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 197 қаулысымен бекітілген Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларының 7-тармағын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын іс жүргізуге қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Соттың ұсынысында қарыз беру, сыйақы есептеу және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін құқықтық реттеуге байланысты мәселелер көтерілген.

"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес Кеңестің отырысына материалдар дайындау жөніндегі жұмыс басталды, онда аталған ұсыныс мәні бойынша қаралатын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!