Коллекторлық агенттіктердің банк борышкерлерімен өзара іс-қимыл жасау туралы заңға өзгерістер енді

17:53, 19 сәуір 2018

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Борыштарды өндіріп алу және берешекті сотқа дейін өндіріп алу бойынша айқын, өркениетті құқықтық аймақ құру кезінде банктер мен микроқаржы ұйымдарының борышкерлері құқықтарының бұзылу тәуекелін төмендету мақсатында 2017 жылғы 2 маусымда «Коллекторлық қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

«Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес:

  • коллекторлық агенттік – коммерциялық ұйым болып табылатын, коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
  • коллекторлық қызмет – коллекторлық агенттіктің берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинауға бағытталған қызметі.

Коллекторлық қызмет кредиторға берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу бойынша, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау бойынша қызметтер көрсету болып табылатын шарт негізінде жүзеге асырылады. Коллекторлық қызмет берешек туындаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Берешегі тұрғын үй түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген борышкерге – жеке тұлғаға қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

2017 жылғы 3 желтоқсанда алты айлық кезең аяқталды, ол кезең ішінде Заң қолданысқа енгенге дейін коллекторлық қызмет белгілеріне ие және коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар әділет органдарында коллекторлық агенттіктер ретінде қайта тіркеуден, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап үш ай ішінде Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өтуге міндетті болатын.

2017 жылғы 3 желтоқсаннан бастап банктердің, микроқаржы ұйымдарының коллекторлық қызмет белгілеріне ие және Ұлттық банкте есептік тіркеуден өтпеген заңды тұлғалармен кез келген шарттық қатынастары тоқтатылды.

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 79 коллекторлық агенттік Ұлттық банкте тіркеуден өтті.

Ұлттық банкке қарыз алушылардан коллекторлардың заңсыз іс-қимылдарына қатысты өтініштер түсіп жатыр. Негізгі шағымдар борышкермен Заңның 5-бабында айқындалған  өзара іс-қимыл тәртібін бұзуға байланысты.

2018 жылғы бірінші тоқсанда Заңның көрсетілген ережесін бұзғаны үшін «Ұлттық өндіріп алу қызметі» коллекторлық агенттігі» ЖШС-ға жазбаша ұйғарым шығарылды.

Заңда коллекторлық агенттіктердің мынадай жосықсыз іс-қимылдарына тыйым салынғанын еске саламыз:

  • коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату не осы тұлғалардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария ету;
  • коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ осы тұлғаға мүліктік және өзге де зиян келтіруге алып келетін, құқыққа қайшы әрекеттер жасау;
  • борышкерге және (немесе) оның өкіліне және (немесе) үшінші тұлғаларға күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатері, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы борышкерді БҚШ немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін қысым көрсету;
  • коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыру;
  • берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма- қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдау;
  • берешекті ақшадан басқа, өзге мүлікпен өтеуді талап ету;
  • кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық немесе ҚР заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария ету.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!