Көліктегі бас санитарлық дәрігер жаңадан тағайындалды

Жанар Оразалина Көліктегі бас санитарлық дәрігер болып тағайындалды. Сонымен бірге ол осыған дейінгі Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы қызметін қоса атқаруда, деп хабарлайды zakon.kz.
Жанар Оразалина Қарағанды мемлекеттік медицина институтын дәрігер-гигиенист, эпидемиолог мамандығы бойынша, Каспий қоғамдық университетінің "Әділет" заң академиясын тәмамдаған.
Еңбек еткен жылдары ол Қапшағай қалалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының тамақ гигиенасы бойынша санитарлық дәрігері, Қапшағай қалалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
Сонымен қатар ол Қапшағай қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы болды.
Осы қызметке тағайындалғанға дейін ол Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары болды. Бұған дейін Садуақас Байғабылов Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер болған. Бір апта бұрын ол Алматы қаласы бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің орынбасары болып тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:43, 15 қаңтар 2021
Нұр-Сұлтанда кафе мен мейрамханалардың жұмыс уақыты өзгертілді
-
21:33, 15 қаңтар 2021
Нұр-Сұлтанда сауда-ойын сауық орталықтары қалай жұмыс істейді
-
17:51, 15 қаңтар 2021
ШҚО-дағы шектеу шаралары 31 қаңтарға дейін ұзартылды
-
17:08, 15 қаңтар 2021
Тұңғыш Президент Кітапханасының директоры тағайындалды
-
17:04, 15 қаңтар 2021
Тоқаев дауыс беру кезінде қалыс қалған қос партияға қатысты пікір білдірді
Пікір