Көліктегі бас санитарлық дәрігер: Блок-бекеттерді қайта орнатуымыз әбден мүмкін

15:45, 1 маусым 2020
380

Блок-бекеттердің алынуы кейбір қазақстандықтардың өз отбасыларына оралуына мүмкіндік береді. Бұл туралы Көліктегі бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Блок-бекеттер өз жұмысын аяқтады, енді алдын-алу шараларына назар аудару керек. Әрине, белгілі бір жағдайларда блок-бекеттерді қайта орнатуымыз әбден мүмкін. Олар эпидемиологиялық күрделі жағдайларға байланысты кейбір жерлерде әлі тұр, - деді ол.

Санитарлық дәрігер ел экономикасына жан бітіру үшін қарбалас өмір қайта басталғанын атап өтті.

Дегенмен қазір коронавирус инфекциясы қауіп тудырған жағдайға сай алдын ала тетіктерді дамыту маңызды. Сондықтан қазір алдын-алу шараларына баса назар аударылуда - әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска режимі, дене қызуын өлшеу. Бұл - инфекцияның таралуын болдырмауға көмектесетін басты шаралар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!