«Көлік сервисі орталығы» кірме жолдарды пайдалануға қатысты мәлімдеме жасады

21:24, 26 ақпан 2021

© Сурет: АО "ЦТС"

Қазақстан Республикасы кірме жолдарының ірі баланс ұстаушыларының бірі болып табылатын "Көлік сервисі орталығы" АҚ контрагенттердің кірме жолдардағы жұмыстарды орындауға қол жеткізуне тең жағдайларды қамтамасыз етуге және баға саясатының ашықтығын қалыптастыруға байланысты өз нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кірме жолдар нарығының қатысушылары ара-тұра контрагенттердің кірме жолдардағы жұмыстарды орындауына тең қол жетімділік жағдайында қиындықтарға тап болады. Сонымен қатар, әрдайым баға саясатын қалыптастырудың ашықтығы туралы мәселелер туындайды.

"Көлік сервисі орталығы" АҚ президенті Гайни Бекетов мәлімдегендей, компания Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен іскерлік қауымдастықпен бірлесе отырып, кәсіпорын қызметінің монополияға қарсы заңнамаға сай екендігін бақылауды ашық жүргізуге дайын екендігін айтты.

Монополияға қарсы ішкі бақылау жобасында біз бәсекелестік заңнамасының талаптарын сақтамау тәуекелдерін болдырмайтын ұйымдастырушылық және басқарушылық шаралар мен рәсімдердің барлық кешенін қоса алғанда, әділ бәсекелестік қағидаларын негізге алдық, - деді Ғайни Бекетов.

Осы институтты енгізу жосықсыз бәсекелестіктің көптеген тәуекелдерін ескеруге және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының нормаларын бұзудың алдын алуға, рұқсат етілген келісімдердің прецеденттерін құруға, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын бұзуға жол бермеуге мүмкіндік бермейді.

Тұтынушылар мен контрагенттердің пікірлері мен мүдделерін ескеру үшін монополияға қарсы комплаенс жобасы компанияның ресми сайтында орналастырылады.

Біз мәселені талқылауға, мүдделі тараптардың барлық ескертулері мен ұсыныстарын қабылдауға және тыңдауға дайынбыз, - деп сөзін аяқтады Ғайни Бекетов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!