Қолайсыз ауа-райының кесірінен Нұр-Сұлтанда көліктер соғылып жатыр

12:56, 23 қаңтар 2020

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында жүзге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен, 2020 жылы 23 қаңтарда таңертеңгі тоғызда Қарағанды ​​тас жолымен келе жатқан 1972 жылғы жүргізуші тізгіндеген №80 бағыттағы автобус "Кенмарт" гипермаркеті мен жанармай құю бекеті арасындағы арыққа құлады. Автобуста тоғыз жолаушы болған.

Бірнеше минуттан кейін осы жолмен келе жатқан жедел жәрдем көлігі №80 автобуспен соқтығыспас үшін шұғыл тежегішті басуға мәжбүр болды. Салдарынан оның артынан келе жатқан №29 автобус жедел жәрдем көлігіне соғылды.

Бақытымызға орай, апатқа ұшыраған осы үш көліктегі адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, патрульдік полицияның үш экипажы автобустағы барлық жолаушыны "Встреча" дүкені жанындағы жылы аялдамаға жеткізді.

- Құрметті көлік жүргізушілері! Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті ауа-райының нашарлауына байланысты жолдың жекелеген учаскелері көлік қозғалысы үшін жабық екенін ескертеді. Басқарманың жеке құрамы аяғынан тік тұрғызылып, халыққа көмек көрсету үшін жұмылдырылды. Біз елорда тұрғындарын бір-біріне жанашырлық танытып, қамқор болуды сұраймыз: патрульдік полицияның талаптарын сақтаңыздар, жеке көлік құралдарын жол бойында қалдырмаңыздар және тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеңіздер. Қазіргі уақытта, 23 қаңтарға қараған түні қалада 100-ге жуық жол апаты тіркелді. Бақытымызға орай, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды елордалық ПД баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!