Көкшетауда жүздеген адам бір сәтте үйінді астында қалуы мүмкін

17:13, 15 қаңтар 2020
559

Көкшетауда жүздеген адам бір сәтте үйінді астында қалуы мүмкін. Өйткені, олар тұрып жатқан үйдің астынна алып шұңқыр пайда болыпты. Нысанды апатты деп таныған жергілікті билік 90 отбасыға көшіңдер деп отыр.

Тұрғындар болса баспанамыздан айырылып қаламыз ба деп отыр. Өйткені, оның орнына жалдамалы пәтерлер бермек. Ал заң бойынша, мұндай пәтерді жекешелендіруге, сатуға немесе мұрагерліккке қалдыруға болмайды. Тығырыққа тірілген халық шенеуніктерден мүліктеріне меншік құқын сақтап қалатын балама жолды табуды сұрауда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

90 пәтерлі мына тұрғын үй алғаш рет осыдан 30 жыл бұрын апатты деп танылыпты. Сөйтіп, ондағы тұрғындардың бәрі көшірілген екен. Алайда, арада біраз уақыт өткенде теміржолшылар оны өз қаржысына жөндеуден өткізіп, қайта кіріп алған. Қасбеті мен іргетасын қолдарынан келгенше мығымдаған. Бірақ, ескі дүние ақыры сыр беріп, қабырғасына сызат түсіп, тұрғындар соңғы жылдары үреймен өмір сұруде.

Юлия Рязанова, қала тұрғыны:

"Үйдің дәл астынан үлкен шұңқыр пайда болды. Мына темірлердің қазір үйді ұстап тұруға күші жетпейді. Бір күні басымызға құлай ма деп алаңдаймыз. Себебі, мына сызат күн сайын үлкейіп барады".


Жергілікті әкімшілік үйдің жағдайын жеті жыл бұрын тағы бір таразылап, бағалаған көрінеді. Нәтижесінде, тұруға жарамды деген байлам жасаған. Бірақ, міндетті түрде күрделі жөндеу жүргізу керек деген талап қойылыпты. Сөйтіп, оны көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында жаңартуды жоспарлапты. Алайда үй қожайындары бұл ұсыныстан бас тартқан. Себебі, оған төлейтін шығынды қалталары көтермеген. Ал соңғы сараптама қорытындысы шыққалы жұрттан тіпті маза қашқан. "Үй тұруға жарамсыз" деген шенділер, тұрғындарға арендалық баспанаға кезекке тұруды ұсынған. Бірақ, бұл олардың қолайына жақпай отыр.

Күләш Құсайынова, қала тұрғыны:

"Мы хотели бы такое жилье... "Бізге болашақта балаларымыз бен немерелерімізге қалдыратын баспана берулерін қалаймыз. Ал жалдамалы пәтер мүндай мүмкіндік бермейді. Оның үстіне ондай баспананы сата да алмайсын! Бұл үйді біз тірнектеп жинаған ақшамызға сатып алғанбыз.

Ең қызығы, бұл үйдің тұрғындарын көшіретін жалдамалы үйдің жобалық-сметасы әлгі күнге дейін дайын емес екен. Бұл жұмыс енді қолға алынбақ. Ал, тұрғындар берілетін үйдің шаршы метрін қазірден бастап нақтылауды талап етуде. Шенеуніктер болса, жұрттан мәселенің байыбына бармай жатып байбалам салмауды өтунуде. Себебі, дәл қазір тұрғындарды көшіретін бос үй жоқ екен.

"В рамках закона вы хотите выпнуть нас на улицу. В рамках закона. Мы не согласны. - Вы просили экспертизу сделать, мы сделали".


Осылайша, үрей үстінде отырған тұрғындардың жаңа қонысқа қашан көшетіні басы ашық күйінде қалып отыр. Ал үй опырылып құлаған жайдайда қайда баратынын білмейтін жұрт, уайымнан қажып бітетін болдық деп қынжылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!