Көкшетауда прокурорлар азық-түлік бағасын тұрақтандыруды қолға ала бастады

23:15, 18 тамыз 2017
551

Көкшетаудағы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға прокурорлар араласа бастады. Оған себеп – нарықтың ырық бермей кетуі.

Арнайы жүргізілген мониторинг барысында кейбір алыпсатарлардың үстемені 50-60 пайызға дейін қосатыны анықталған. Сондықтан құзырлы орган мамандары, құрамында 6 бірдей мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері бар жұмыс тобын құрып, базардағы бағаны қолға алуға кіріскен. Нәтижесінде азық-түлік 20-30 пайызға арзандайды деген жоспар бар. Ол үшін орталық базардың әкімшілігі жалға берілмейтін дербес сауда сөрелерін жасақтап, сатушыға жалақы төлеп, бағаны қымбаттатуға сеп болатындардың жолын кеспек. Әзірге мұндай бір ғана орын ашылған.

Қаныбек Тоқсанбаев, облыстық прокуратура басқарма басшысының орынбасары:

-Қыркүйек айларының аяғында бүкіл мемлекеттік органмен бірігіп, орталық базар және басқа да базарлармен нарықты ұстау мақсатында осындай бір меморандум жасасақ па деп отырмыз. Осы арқылы бағаны тұрақты ұстасақ па деген ойымыз бар. 

Игорь Жанахметов, орталық базардың даму жөніндегі директоры:

-Бұрын орынды жалға алушыларымыз азық-түлікті өздері әкеліп, өз қалауларымен сатса, қазір біз өзіміз әкеліп сатуды бастадық. Келешекте басқа да өнімдерді осы жүйемен саудалаймыз. Бұл ең алдымен қарапайым халыққа өте тиімді болады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!