Көкшетауда 3 мың адам бір мезетте «Қара жорға» биін биледі

13:29, 22 қазан 2017

Көкшетауда ерекше флешмоб өтті.

Шаһардың кіреберісіндегі Бұқпа төбе басына жиналған 3 мыңға жуық халық бір мезетте атақты «Қара жорға» биін биледі. Осылайша мектеп оқушылары мен студенттер, облыстық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысшылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау білдіріп, іс жүзінде оны жүзеге асыруға дайын екендіктерін көрсетті.

«Жастар бай мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, насихаттауда белсенді болу керек», – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Нарғыз Қалымова, тарих пәнінің мұғалімі:

- Егер біз XXI ғасырдағы өз саяси орны бар егеменді ел болғымыз келсе, жастарды отансүйгіштікке үйретуіміз тиіс. Осындай іс-шаралар жастардың отанға деген рухани сүйіспеншілігін, адамгершілік құндылықтарын жақсартуға өз үлесін тигізеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!