Көкшетауда қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейлерге ескерткіш ашылды

17:35, 24 маусым 2017

Көкшетауда қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан полицейлердің құрметіне арналған ескерткіш ашылды.

Монументтің жанында тәуелсіздік жылдары мерт болған 32 тәртіп сақшысының есімдері жазылған тақта да бар. Жиынға аймақтағы Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен қатар, марқұм болған полицейлердің жақындары да жиналды. Барлығы боздақтарды еске алып, олардың ерліктерін әңгімеледі. 

Елена Мұхамеджанова, Атбасар қаласының тұрғыны:

-Осыдан 12 жыл бұрын менің жолдасым Серік Мұхамеджанов қоғамдық тәртіпті қадағалау барысында қылмыскерлердің қолынан қаза тапты. Ол өзінің қызметтік міндетін адал атқарып кетті. Біз оны мақтан тұтамыз. Қазір қызымыз әкесінің жолын қуып, ішкі істер органдарында қызмет етіп жүр. Әкесінің атына кір келтірмейді деп сенемін.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!