Көкшетауда есірткі саудасымен айналысқан ағайындылар ұсталды

12:32, 26 сәуір 2018
379

Көкшетауда есірткі саудасымен айналысқан 27 және 20 жастағы ағайындылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша, күдіктілер ІІД есіртікі бизнесімен күрес бөлімшесі қызметкерлерінің назарына наурыз айында соңында іліккен. Содан бері полицейлер арнайы шара ұйымдастырып, 24 сәуір күні ағайындыларды салмағы 7 грамм «гашиш» сатып жатқан жерінде қолға түсірді.

«Ағайындылардың үлкені 27 жаста. Үйленген, кәмелеттік жасқа толмаған бала тәрбиелеуде. Ал, 20 жастағы інісі ата - анасымен тұрады. Полицейлер үйлерін тінту кезінде есірткі затын қолданатын құралдарды тәркіледі. Кейін күдіктілердің танысы да ұсталды», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде күдіктілер уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, ҚР ҚК 297 бабының 1 бөлімі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, бірқатар сараптама тағайындалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!