Көкшетауда ас берген мейрамханаға айыппұл салынды

10:46, 28 қыркүйек 2020

Жол апатынан қайтыс болған белгілі кәсіпкердің қазасына орай ас берген мейрамханаға айыппұл салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, қаладағы "Аристократ" мейрамханасында ас берілген. Мейрамхана маңында көліктердің көптеп жиналуы қадағалаушы орган өкілдерінің назарын аударған. Санитарлық ережелердің бұзылғанын тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін қадағалау басқармасының мамандары арнайы рейд барысында анықтады.

"Полиция бөлімінің қызметкерлері "Аристократ" мейрамханасында ас беру шарасы ұйымдастырғанын анықтады. Мұндай басқосу өткізу Ақмола облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің 30 тамыздағы N109 бұйрығына қайшы келеді", – деді Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Бұл жерде әңгіме ауаны бұқаралық іс-шараларға тыйым салу және әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы туралы болып отыр.

"Сондықтан да анықталған заңбұзушылықтар бойынша әкімшілік шаралар қолданылады", – деп толықтырды Мусина.

Айта кетсек, бірер күн бұрын көкшетаулық белгілі кәсіпкер, өңірдегі жанар-жағармай құю стансалар желісінің егесі - 1960 жылғы Владимир Свидерскийдің жол апатынан көз жұмған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!