Көкшетау тұрғыны өзін құрбысы пышақтады деп жалған айыптап, енді өзі сотқа тартылмақ
© Фото: zakon.kz
Көкшетау тұрғыны сот барысында өз айғақтарын өзгерткеннен кейін қылмыстық іске күдікті ретінде танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысы полиция департаментінің 9 қазанда таратқан мәліметіне сәйкес, ер адам бастапқыда таныс қызы әдейі пышақпен жарақаттады деп арыз берген. Алайда сот отырысында ол сөзінен тайып, жарақатты кездейсоқ алғанын айтып, "айыпталушыдан пышақты тартып алмақ болғанда өзім соғылып қалдым" деген нұсқаны келтірген.
Сот отырысы алдында судья жәбірленушіге жалған куәлік берудің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескерткен. Соған қарамастан, ол өз айғақтарын өзгерткен.
Нәтижесінде Көкшетау соты жеке қаулы шығарып, ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 420-бабы ("Көрінеу жалған жауап беру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, азаматтарды тергеу мен сот кезінде шындықты айтуға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 7 желтоқсан 2025
Құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады
-
17:35, 7 желтоқсан 2025
Ақмола облысындағы жолда полицей қаза болды
-
17:09, 7 желтоқсан 2025
8 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:46, 7 желтоқсан 2025
IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды
-
16:32, 7 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген туралы кітап басылып шықты





