Көкпекті ауданында қандай жолдар жөнделді
Көкпекті ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 868,7 шақырымды құрайды. Ауданның 50 елді мекенін байланыстыратын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 72,5% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.
Көкпекті ауданының әкімі Серікқазы Сәдуақасовтың айтуынша, 2025 жылға дейін жолдардың 95% жақсы және қанағаттанарлық жағдайына қол жеткізу үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде.
Биыл өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Тассай ауылының автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілді. Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында Преображенка — Шұғылбай ауылдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Үлкенбөкен – Көкжайық – Үлгілі-Малшы автомобиль жолының 54 шақырымына ағымдағы жөндеу жүргізілді.
– Сондай-ақ, бүгінгі таңда ұзындығы 35 км "Көкпекті-Биғаш" автомобиль жолын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада Қараөткел ауылына кіреберістің 30 шақырымы, Қойтас ауылына кіреберістің 10 шақырымы, Тассай – Үшкөмей 9 шақырымы, толағай ауылына кіреберістің 18 шақырымы, Преображенка – Үкілікіз 7 шақырымы жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз, – деді Серікқазы Сәдуақасов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:35, 25 сәуір 2024
Ұзақ демалыс кезінде МӘМС жарналарын қалай төлеуге болады
-
17:33, 25 сәуір 2024
Тоқаев ҚХР қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
-
17:31, 25 сәуір 2024
Тоқаевтың ҚХА сессиясындағы маңызды мәлімдемелері – толық мәтін
-
17:26, 25 сәуір 2024
Теміртау тұрғыны сотталған азаматқа тыйым салынған зат жеткізбек болған
-
17:09, 25 сәуір 2024
Денис Евсеев Қытайдағы турнирдің ширек финалына өтті