Қоғамдық орындарда қалтаға түсу жиілеген

14:24, 24 қараша 2017

Орал қаласында қоғамдық орындарда, соның ішінде қоғамдық көліктерде жасалатын ұрлықтардың санын азайту, тұрғындардың қырағылығын арттыру мақсатында рейд жүруде, деп хабарлайды zhaikpress.kz.

Түсіндіру жұмыстарын қалалық прокуратура мен ішкі істер басқармасы, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүргізуде.

Рейд барысында тәртіп сақшылары №22 және №4 автобустардың сыртқы және ішкі терезе әйнектеріне парақшалар жапсырды.

-Жыл басынан бері 102 қалта ұрлығы қылмысы тіркелді. Көпшілігі қоғамдық көліктер ішінде болады. Әсіресе, қаланың орталығында, киім-кешек сатылатын базарлар мен аяқ киім дүкендерінде жиі тіркелді,-дейді Орал қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция майоры Динара Абулхалықова.

Айта кетейік, жолаушылар қала ішіне қатынайтын автобустар ішіндегі телевизорларға ұялы телефон, әмиян, қол сөмке, құжаттар, жеке мүліктерден сақтану шаралары баяндалған бейне, аудио роликтердің жиі көрсетілуін сұрады. Рейдке белсенді қатысқан прокуратура мен басқарма өкілдері қала тұрғындарының өтініштері әркез ескерілетінін айтты.

Фото: zhaikpress.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!