Қоғам қайраткері Наталья Тукалевская «Құрмет» орденімен марапатталды

15:32, 21 қаңтар 2021
243

21 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан Республикасының Диабеттік ағарту қорының атқарушы директоры Наталья Тукалевскаяға "Құрмет" орденін табыстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Марапаттау рәсімі министрдің Алматыға жұмыс сапары кезінде өтті.

Аида Балаева:

"Құрметті Наталья Николаевна! Мен үшін бұл орденді Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толу жылында тапсыру үлкен мәртебе. Сіз ұзақ жылдар бойы Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосып келе жатқан адамсыз. Диабетикалық ағартудағы маңызды жобалардың авторы мен қоғамдық бірлестіктің жетекшісі ретінде Сіздің әлеуметтік мәселелерді шешудегі еңбегіңіз баршаға үлгі. Сондықтан, бұл марапат жанқиярлық еңбек пен таңдаған іске деген адалдықтың, адамдардың игілігі үшін адал жұмысыңызға деген бағаның белгісі болып табылады", - деді өз сөзінде.

Министр Президенттің қоғамдық ұйымдардың рөлін, олардың мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара-әрекеттесуін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтындығын баса айтты.

Наталья Тукалевская - ұлт денсаулығын сақтау саясатын жүзеге асыруға белсенді ықпал ететін, қант диабетімен байланысты білім беру мәселелерімен айналысатын және қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысатын қоғам қайраткері.

"Қант диабетінің сұрақтарымен 26 жыл айналысып келемін. Мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелевич Тоқаевқа ризашылығымды білдіргім келеді.Орденді алу маған мәртебе, сонымен бірге, бұл маған ғана емес, бүкіл диабетикалық қозғалысына берілген баға деп қабылдаймын. Біз әрқашан дәрігерлермен бірге болдық. Бүгінде біздің дәрігерлер алдыңғы қатарда, ал осындай уақытта марапатқа ие болу, бұл үлкен мәртебе екені сөзсіз", - деді Наталья Тукалевская.

Айта кетсек, "Құрмет" ордені азаматтарға экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытуға сіңірген еңбегі үшін, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін беріледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!