Қоғам қайраткері митингі туралы: Олардың халық атынан сөз алуға қандай қақысы бар?

18:37, 6 маусым 2020
537

Белгілі ғалым және қоғам қайраткері Борис Жапаров оппозициялық қозғалыс жетекшілерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Борис Жапаров өзінің Facebook-те бүгін Алматыда өткен заңсыз митингіге қатысты жазба жариялады.

Олар өздерін көшбасшы деп атап, халықтың атынан сөйледі. Оған қандай қақысы бар деймін?! Неліктен олар заңның орындалуын талап ете отырып, оны өздері бұзады? Жаңа заң бүгін күшіне енді. Ол бойынша алдын ала әкімдікті ескертіп, митингі өткізуге рұқсатып алу керек. Содан кейін қанша жерден митингілетемін десе, өз еркі. Бірақ өйткені жоқ қой. Тағы да билікті кінәлау керек, соларды жаман қылып көрсету керек. Керісінше билік бұл ретте өзін жақсы ұстады, - деп жазды Борис Жапаров.

Оның айтуынша, қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров заңсыз жиналған қауымның ортасына келіп, бұл жағдайда құқықтық шеңберде қалай әрекет ету керектігін байыппен, ақырын түсіндірді. Ол бейбіт жиналыстар мен жаңа саяси мәдениетті дамыту туралы жаңа заңға сәйкес әрекет етуге шақырды.

Ол бейбіт жиналыстар мен жаңа саяси мәдениетті дамыту туралы жаңа заңға сәйкес әрекет етуге шақырды. Бірақ Мамай мен оның жанындағыларға мұның қажеті жоқ. Олар заңды біле тұра, оны бұзуда қарапайым бейбіт халықты қалқан етіп, арандатып отыр. Біздің адамдар да ақымақ емес, өздерін оппозиция көшбасшысы деп атайтын адамдардың шындығында кім екенін ақырындап осыдан кейін түсіне бастайды, - деп жазды Борис Жапаров.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!