Қит етсе, әскер тасығанды қою керек. Халықпен ойнамасын

09:59, 21 ақпан 2020

Зайсандағы жағдайды мен жергілікті биліктің халықпен жұмыс істеуге қабілетсіздігінің нәтижесі деп білемін, дейді facebook-те Ерлан Сайыров.

Оның сөзінше, бұл билікке былай істеу керек болған:

1) Әрбір қадамды сол жердің халқына түсіндіріп отыру керек еді.
2) Ақпараттандыру орталықтарын құру керек болған.
3) Нақты шешімдер қабылдағанда "халық қалай қабылдайды?" деген сұраққа болжау жасау керек болған.

Ал іс жүзінде ешқандай түсіндіру жұмыстары, қоғамдық пікірді болжау болмаған.

- Нақты себебі осы. Өйткені облыс басшылығы жергілікті жердің мән-жайын білмейді, халықты жоғарғы этаждардың кабинетінен басқарғысы келеді. Енді сол шолақ басшылардың қателігі үшін, улатып-шулатып, халықты үркітіп, әскер кіргізудің қажеті қанша? Менің туған жерім, менің туысқандарым ол жақта, білімді, парасатты, ақылды, ержүрек халық тұрады. Олар әрбір жағдайды ақылмен, салиқалы-салмақты түрде шешуге қабілетті, дейді ол.

Жағдайды ушықтырып отырған сол жердегі, облыс деңгейіндегі "әліпті би" деп білмейтін, халықтан ауаша жүретін басшылар.

- Солардың айдауымен жүреміз деп халықты ашуландырып алмаңыздар. Жоңғармен соғысқан, жер үшін қанын төккен, қызыл әскермен күрескен, арғы бетте шүршітке төтеп берген халықтың мінезі ұшқыр. Мәселені байыппен, ақыл-оймен, ынтамен шешкен абзал. Осынау күрделі күндері мен өзімнің туғандарым - Зайсан, Тарбағатай халқымен біргемін! Ол қасиетті өлкедегі әрбір азаматтың "бір тал шашы" үшін бүкіл қазақ болып жауап береміз! Осы есімізде болсын, дейді пост авторы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!