ҚХЛ матчында жанкүйер әйелдің бетіне шайба тиді

12:57, 20 қазан 2021
136

© Сурет: pixabay.com

ҚХЛ чемпионатының кезекті матчында көрермендер арасында отырған әйел жарақат алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға Қазан қаласындағы "Татнефть Арена" хоккей стадионында орын алды. Жергілікті "Ақ Барс" пен Мәскеуден келген "Динамо" командалары арасындағы ойын кезінде шайба трибунаға ұшып, жанкүйер әйелдің бетіне тиді.

Тәуір жылдамдықпен ұшып келген шайба әйелдің бетін жаралап, оған сол мезетте дереу медициналық көмек көрсетілді. Кездесудің өзі 5:4 есебімен "Динамоның" жеңісімен аяқталды.

Дайана Тоқберген

Фото: championat.com


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!