КХДР Пелосидің қарусыздандырылған аймаққа аяқ басуына қатысты пікір білдірді

12:28, 6 тамыз 2022

© Сурет: pixabay

Нэнси Пелоси сәрсенбіде Оңтүстік Кореяда болып, бейсенбіде Ұлттық жиын төрағасы Ким Чжин Пхемен кездесті. Сондай-ақ ол ел президенті Юн Сокпен телефон арқылы сөйлесті, КХДР мен Корея Республикасының шекарасындағы Пханмунджом өңіріне де барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КХДР СІМ Баспасөз және ақпарат департаментінің директоры Чо Ен Сам АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелосидің Корей Демократиялық Халық Республикасы мен Оңтүстік Корея шекарасындағы қарусыздандырылған аймаққа сапарын айыптап, оны Вашингтонның дұшпандық саясатының көрінісі деп атады, деп хабарлайды ТАСС.

Пелоси Оңтүстік Корея билігімен "Солтүстік Корея қауіп-қатеріне" жауап берудегі "тежеп ұстау бойынша кеңейтілген шаралар" жайын сөз етіп, тіпті Біріккен қауіпсіздік аймағы - Пханмунджомға да барды. Бұл КХДР-ға қатысты қазіргі америкалық әкімшіліктің жауласу саясатын байқатады. Чо Ен Сам

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!