«Khabar Cup 2017» турнирінің жеңімпаздары анықталды

18:37, 22 қазан 2017

Шағын футболдан бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы спорттық дода осымен 3-рет ұйымдастырылды.

Республика бойынша 16 команда қатысқан бұл шара «Хабар» Агенттігінің құрылған күні мен «Хабар 24» телеарнасының 5 жылдық мерейтойына арналды. Спорттық додада турнир кубогын «Қазақ ТВ» командасы жеңіп алса, 2- тұғырға «Қазақстан» арнасы жайғасты. Ал үшінші жүлделі орын «Диксиньюстің» жігіттеріне бұйырды. 

Ойыншылардың да өзара мықтылары анықталды. Үздік ойыншы – Жасұлан Қасымберкебаев, үзік қақпашы – Ұлан Төлеуханов, үздік қорғаушы – Төреби Нұрланов, ал шебер шабуылшы Бексаттар Саттар атанды.  Чемпиондар мен жүлдегерлер арнайы кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Khabar Cup 2017» турнирі келесі жылы да жалғасын табады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!