Кәсіпкерлердің құқығын бұзған «Қазфосфатқа» 4,6 млн теңге айыппұл салынды
© Сурет: inform.kz
Жамбыл облыстық Көлік прокуратурасы кірме теміржол желілерін пайдалану тарифінің өсуіне алып келген "Қазфосфат" ЖШС-ның шығындарын 180 миллион теңгеге негізсіз асыра көрсеткенін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Монополистің осындай жөн-жосықсыз әрекеті салдарынан 3 мыңнан астам кәсіпкер теміржолдағы әр вагоны үшін қажетті 308 теңгенің орнына 500 теңгеден астам ақы төлеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокуратураның қадағалау актісіне сәйкес, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті кәсіпкерлердің артық төлеген ақшаларын өтеу үшін 308,34 теңге көлемінде уақытша өтемдік тариф енгізді.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін "Қазфосфат" ЖШС-ға 4,6 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлады құзырлы ведомства.
Осындай фактілер, яғни уәкілетті органның бекітуінсіз тариф белгілеп алған қызмет көрсету саласындағы тағы екі монополисттің қызметінен анықталды.
Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, - дейді баспасөз қызметі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:41, 19 сәуір 2024
20 және 21 сәуірдегі демалыс күндеріне валюта бағамы
-
17:32, 19 сәуір 2024
Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар жаңаша қабылдануда
-
17:17, 19 сәуір 2024
Алматы облысында полицейді жаралаған тиран еркек оқиғасына қатысты тың дерек жарияланды
-
17:05, 19 сәуір 2024
Бишімбаевтың ісі: судья Құлбаева мәлімдеме жасады
-
17:03, 19 сәуір 2024
Өскеменде ұрылар 94 млн теңгені жымқырып, қайықпен қашып кетті